Павлодарда подъезде пышақпен жүгіріп жүрген ер адам көршілердің зәресін алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін материал сотта қаралады 

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда подъезде пышақпен жүгіріп жүрген ер адам көршілердің зәресін алды. Оқиға Назарбаев даңғылы, 287 бойынша орналасқан жетінші подъезде болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған үйдің тұрғындары әлеуметтік желіде ер адамның пышақпен жүгіріп жүргені туралы жазған. 

«Сол жерде балалар алаңы орналасқан. Көршілермен жанжалдасқаны туралы бірнеше рет полицияға шағымданған едік, алайда ешқандай шара қабылданбайды. Көршілер қорқып қалды. Нені күтіп отырғаны белгісіз!  Біреу зардап шегуі керек пе?  Мұндай адамды мәжбүрлі емге жатқызу керек!», –  деп жазады автор. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1986 жылғы ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызылған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалған. 19 маусым, яғни бүгін материал сотта қаралады.