«Екі рет оқ атқан»: Павлодар облысында күйеу баласын өлтірген зейнеткер сотталды

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында болған

«Екі рет оқ атқан»: Павлодар облысында күйеу баласын өлтірген зейнеткер сотталды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында күйеу баласын өлтірген зейнеткер сотталды. Қайтыс болған ер адамға екі рет оқ атылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған іс ҚК 99-бабының 1-бөлігі және 200-бабының 1-бөлігі бойынша Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Іс материалы бойынша өткен жылы қазанда Сәтбаев көшесіндегі үйдің қасында 68 жастағы ер адам өзінің күйеу баласын қасақана өлтіру мақсатында атыс қаруынан кеудесіне бір рет оқ атқан.  

Қайын атасы жараланған күйеу баласының жерде әлі тірі жатқанын көріп, екінші рет басына оқ атып өлтірген. Зейнеткер қылмыс орнынан жасырыну мақсатында көлік ұрлап, қашып кеткен.

Күдіктінің кінәсі сараптамалардың қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді.  

«Қылмыстардың ауырлығын ескере отырып, ер адамға орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», – делінген үкімде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.