«Аяқтары күйіп қалған»: құтқарушылар Абайдағы орман ішіндегі өрттен тірі қалған түлкінің баласын тауып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Жануар тастардың арасынан табылған

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы алапат өрт болып жатқан орманның ішінен өрт сөндірушілер түтінге уланған түлкінің баласын тауып алған видеосы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кадрлардан өрт сөндірушілер тастың астынан түлкінің баласын тауып алғанын көруге болады. Жәудір түтінге қатты тұншыққанымен тірі қалған.

Видео авторының сөзінше, жануардың аяқтары күйіп қалған.