Қызылорда облысында жол апаты болып, 3 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы екі адам ауруханаға түсті

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының Қызылорда облысы аумағындағы учаскесінде жол апатынан 3 адам қайтыс болып, тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 11 маусым күні Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам көз жұмды, 2 адам түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция ақпаратында.