07.06.2023, 17:53
Оқиғалар
Павлодарда суға батып кеткен 17 жастағы бозбаланы іздестіріп жатыр
Оқыс жағдай Усолка өзенінде болған
Павлодарда суға батып кеткен 17 жастағы бозбаланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақырту сағат 15:36-да түскен.
«Бірінші медициналық бригада оқиға орнына төрт минуттан кейін жетті. Екінші бригада үш минуттан кейін келді. Ол кезде 17 жастағы бозбаланың денесі әлі табылмаған еді», – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары адамдар көп жиналатын орындарда, атап айтқанда, жағажайларда, су айдындарында және Ертіс өзенінің жағалауында рейд жүргізіп, демалушыларға су жағасындағы және судағы тәртіп ережелері туралы ескертеді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 07:17
Тұман, шаңды дауыл, үсік: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды