Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен 60 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адамның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз

Фото ашық дереккөзден

Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақтан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ер адамның мәйіті 6 маусым күні сағат 18:20 шамасында табылған.

"Атыраудағы "Береке" шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақта ер адамның денесі жатқаны хабарланды. Оның 1963 жылы туғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Ер адамның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеуді бастады.