Ақсуда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

Azattyq Rýhy

Қажетті сараптамалар тағайындалды

Ақсуда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

Ақсуда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды. 50 жастағы жаяу жүргінші жүріс бөлігін белгісіз жерден өткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, 3 маусым күні Ақсу қаласында М.Мәметова көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол жүріс бөлігін белгісіз жерден өткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

«4 маусым Ақтоғай-Шолақсор автожолының 97 шақырымында, Жалаулы ауылының маңында Volkswagen Passat көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке түскен. Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды», – деп жазылған хабарламада. 

ЖКО фактілеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.