$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.06.2023, 14:49
Оқиғалар

Қарағанды облысында жол апатынан жолаушы қаза тапты

4 маусым күні өңірде бірнеше жол апаты тіркелді

Қарағанды облысында жол апатынан жолаушы қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысында жол апатынан жолаушы оқиға орыннда көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қарағандыда 4 маусым күні сағат 00:30 шамасында Тәтімбет пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында Chevrolet Cobalt көлігінің 23 жастағы жүргізушісі солға бұрылып келе жатып, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Toyota көлігімен соқтығысқан. Tayota Camry көлігін 30 жастағы ер адам басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

«Осакаровка ауданында Осакаровка ауылында 22 жастағы BMW жүргізушісі рөлді басқара алмай, бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW көлігінің 20 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерді жол ережесін, жылдамдықты және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтауға шақырамын. Олар кенеттен маневрлер мен тежеуден бас тартуы керек – бұл көлік құралын басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін, әсіресе қараңғыда. Сондай-ақ жолдармен жүру кезінде жеке қауіпсіздік пен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін де қосымша шаралар қабылдауды қадағалау қажет. Есіңізде болсын, өз қауіпсіздігіңіз ғана емес, айналаңыздағы адамдардың да қауіпсіздігі жолдағы сіздің әрекетіңізге байланысты», – дейді Қарағанды ​​облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Куаныш Зарубаев.

Серіктес жаңалықтары