Ақтауда мектеп түлектерінің кортежі жол ережесін өрескел бұзған

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

 

Видеодан кадр

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған мектеп түлектерінің кортежі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 29 шағынаудандағы жолдардың бірінде мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері жоқ, автокөлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін қолданбаған жүргізушілер көзге түсті.

«Toyota RAV4, Hyundai Tucson автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Ал көлік құралының артқы орындығындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлылық танытып, құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер әкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.