Павлодарда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті. Шақырту Целинная көшесіндегі үйден түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:41-де шақыртуға жеделдіктің бірінші санаты бойынша жіберілген жедел жәрдем оқиға орнына үш минутта жеткен.

«Төрт жасар бала жақын жердегі Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға – стационарға жеткізілді»,  – деді станцияда. 

Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.