Петропавлда жаяу жүргіншіні қаққан түрме қызметкері жұмыстан қуылып, үйқамаққа алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен адам да ҚАЖ қызметкері

Фото: Polisia.kz

26 мамырда СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеменің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір бұл қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылып, үйқамаққа алынды.

Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер, соның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Зардап шеккен адам да ҚАЖ қызметкері. Ол қазір Петропавл қаласының көпсалалы ауруханасында жатыр.