Қарағанды облысында ажырасу рәсімі кезінде ер адам әйелін өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылының АХАЖ ғимаратында ажырасу рәсімі кезінде ер адам әйеліне пышақ сұғып, бірнеше рет ұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Вечерняя Караганда» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, әйел ауыр жарақаттан қайтыс болған.

Күйеуі ажырасу рәсіміне Алматыдан барған. Әйелі қызымен ұзақ уақыт бөлек тұрған.

Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.