Ертіс ауданында масаң күйдегі ер адам іш киіммен стадионда жүрген

Автор: Azattyq Rýhy

41 жастағы ер адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ертіс ауданында масаң күйдегі ер адам іш киіммен стадионда жүрген. Сол жерге келген полицейлерге ол өзінің десантшы екенін және Орталық стадионды күзетіп жүргенін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, Ертіс ауылында 41 жастағы тұрғын Орталық стадион аумағында іш киіммен жүрген. 

«Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі –  «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», –  деді Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Оның шешімімен 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды және үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.