Ақтөбеде жүк көлігі 10 жасар қызды қағып кетті

Azattyq Rýhy

Оқиға 25 мамырда Кирпичный аулында болған

Ақтөбеде жүк көлігі 10 жасар қызды қағып кетті
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 25 мамырда Кирпичный аулында болған.

«Камаз» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жасар қызды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз Ақтөбе қаласының Ана мен баланы қорғау орталығына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды барлық ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Бұл жаяу жүргіншілерге, электр скутерлеріне, мотоциклдерге және велосипедтерге қатысты.

«Сақтық шаралары әсіресе жазғы демалыс қарсаңында манызды. Жол қателіктерді кешірмейді», - деп атап өтті ПД өкілдері.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыс аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 42 адам жарақат алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.