Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 20 адам суға кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Ажал құшқандардың 15-і кәмелет жасына толмаған балалар

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 20 адам суға кеткен. Ажал құшқандардың 15-і кәмелет жасына толмаған балалар екені анықталып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті суға батқан балалардың барлығы дерлік ата-ана назарынан тыс суға түскенде жазатайым оқиғаның құрбаны болғанын айтады.

Осыған орай өңірдегі су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Шомылуға арналған арнайы орындар ашылады. Ол жерлер арнайы құтқарушылармен қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, облыста өткен жылы 37 адам суға батса, оның 29-ы балалар болатын.