Семейде 4 жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін шұғыл түрде облыстық аурухананың балалар бөліміне жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

22 мамыр күні Семейдің №1 ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің төртінші қабатынан кішкентай бала құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Куәгерлер cағат 12:30 шамасында 2019 жылы туған бала 4-қабаттың терезесінен тормен бірге төмен қарай ұшып түсті, деп жазады obvk.kz.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келіп жетті.

Көптеген жарақат алған сәби шұғыл түрде облыстық аурухананың балалар бөліміне жеткізілді.