Ол ВАЗ-21703 көлігімен соқтығысқан
Оқиға 21 мамырда қаладағы Қонаев мен Шернияз көшелерінің қиылысында болды. Скутерді тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім солға бұрылу кезінде, қарама қарсы бағытта келе жатқан көлікті өткізбей, темір тұлпармен соқтығысып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазонға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, скутер жүргізушісі Ақтөбе облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жатқызылды.
Жасөспірімнің жүргізуші куәлігі болмаған. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Мопедтер мен скутерлер, велосипедтер сияқты, ең шеткі оң жақ жолақты жолдың оң жақ шетіне мүмкіндігінше бір қатармен қозғалуы тиіс. Оларға тек кедергіні немесе оң жақта тұрған көлік құралын айналып өту кезінде ғана бұл талапты орындамауға рұқсат етіледі», - деп еске салады полиция.