Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ
Жетісу облысында жаңа Tesla көліктерін тиеп келе жатқан автотасымалдаушы аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
«21 мамырда Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында (Арқарлы асуы) Scania тасымалдаушы көлігі аударылып кетті. Ауыр жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі Tesla маркалы жеті көлік тиеп келе жатқан», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жолдағы көлік қозғалысы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Жол жабылған жоқ.