$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2023, 12:17
Оқиғалар

Жалған жарнама: алаяқтар Ақмола тұрғынын 19 млн теңгеге алдап кеткен

Күдіктілер он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жалған жарнама: алаяқтар Ақмола тұрғынын 19 млн теңгеге алдап кеткен
Фото ашық дереккөзден

Алаяқтар ақмолалық тұрғынды 18,8 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Ақмола облысының 68 жастағы тұрғыны интернеттегі жалған жарнамаға тап болып, алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырып, 18 млн теңгеден астам сомада шығынға ұшырады.

2 мамыр күні Степногорск қаласының тұрғыны интернеттегі жарнамадан «Halyk Bank» биржасына тиімді инвестиция салу ұсынысын көріп, қызығушылық танытып, сайтта көрсетілген абоненттік нөмірге қоңырау шалған.

Алаяқтар зейнеткерді уақытты жоғалтпауға және «мұнай, газ және т.б. сатудан немесе сатып алудан пайда табуға» 2-17 мамыр аралығында белгілі бір банктік шоттарға ақша аударуға көндірген. Залалдың жалпы сомасы 18 млн 800 мың теңгені құрады. Аталған соманы толтуры үшін жәбірленуші түрлі банктерден несиеге алып, туыстарынан қарыз алған.

Кейінірек алаяқтар жәбірленушімен байланыс орнатуды тоқтатқан. Зейнеткер оны алдағанын түсініп, полициядан көмек сұраған.

Степногорск қаласының полиция басқармасы осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдіктілер он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары