Коронавирус жұқтырған үшінші қазақстандық Нұр-Сұлтанда тіркелді – министр

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 12 наурызда Милан қаласынан келген

фото: gazeta.ru

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші Қазақстан азаматы анықталғанын хабарлады. Ол – 12 наурызда Милан қаласынан (Италия) Нұр-Сұлтанға Мәскеу арқылы ұшып келген әйел адам.

«Лабораториялық анализ бойынша ол әйелден коронавирус анықтадық. Әуежайдан келген бойда карантинге жабылған еді. Бұл бортта тағы 90 жолаушы  болған. Оларға қатысты санитарлық жұмыс жасалуда. Бәрімен хабарласып, карантинге аламыз», - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда бақылауға алынған 1425 адам бар. Оның 938-і карантинге жабылған. Қалғандары үйде оқшауланған.

Бұған дейін Біртанов Алматыда коронавирус жұқтырған екі адам тіркелгенін мәлімдеген еді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан