Шымкентте аурухананың 3 қабатынан секіріп кеткен науқас мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға №1 қалалық клиникалық ауруханада болған

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте аурухананың 3 қабатынан секіріп кеткен науқас мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға №1 қалалық клиникалық ауруханада болған. Түнгі сағат 23:10 шамасында пациент белгісіз себептермен үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

«Науқастың алған жарақатының ауырлығына байланысты аман алып қалу мүмкін болмады. Оқыс жағдай бойынша Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.