Өскеменде көпқабатты үйдегі өрт кезінде екі бала уланды

Автор: Azattyq Rýhy

2014 және 2019 жылы туған қыздар ауруханаға жатқызылды

Өрт Славский 26 мекен-жайындағы көп қабатты үйде болды. 12-қабаттағы пәтер өртеніп кетті. Пәтер иесі осы сәтте үйде болды. Әйел тұрғын үйден өз бетінше шығып, көршілеріне қрт туралы хабарлап, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген құтқарушылар бірінші кезекте зардап шеккендердің бар-жоғын тексерді. Осылайша олар тоғыз адамды, оның ішінде төрт баланы эвакуациялады.

«Уланған белгілері бар екі қыз ауруханаға жатқызылды, олар 2009 және 2014 жылы туған», - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 35 адамы және 10 бірлік техника қатысты. Өрттің ауданы 50 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себептері – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.