Екібастұз ауылдық аймағында үй жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Екібастұз ауылдық аймағында үй жанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамыр күні сағат 17:50-де 101 желісіне Құлакөл ауылында жеке үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына келген кезде жеке меншік үй аумағында екі бөлмелі шлакоблокты үй толығымен өртеніп, 96 шаршы метр аумақта ағаш шатыр құрылымының құлағаны анықталды. Оқиға орнынан сыйымдылығы 27 литрлік бір газ баллонын шығарды», – деді департаментте.

Өрт сағат 19:01-оқшауланып, сағат 19:27-де толығымен сөндірілді.