16.05.2023, 14:21
Оқиғалар
ҰҚК 50 млн теңгенің смартфондарын шекарадан заңсыз өткізбек болғандарды ұстады
Тексеру барысында құжаты жоқ 220 ұялы телефон табылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі құны 50 миллион теңге болатын 200-ден астам смартфонды шекарадан заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Azattyq Ryhy.
«2023 жылғы 7 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға бағыт алған ҚР азаматының басқаруындағы жолаушылар микроавтобусын тоқтатты.
Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы 50 млн теңге шамасын құрайды.
Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты
18.08.2026, 15:35
Астанада Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталды