Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр
Екібастұз тұрғынына белгісіз адам оқ атып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 15 мамырда сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Аталған мекенжайға дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделеді.
Белгісіз атыс қаруынан Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
«ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.