Алматы облысында анасы арбадағы сәбиін иен далаға тастап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Сәбидің анасы табылды

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында емізулі сәбиін анасы көпірдің астына қалдырып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Иесіз қалған сәбиді жолай өткен көліктегі адамдар көріп, тоқтаған. Арбадағы сәби бірнеше сағат далада қараусыз қалған. Қол арбада жатқан сәбидің ата-анасын бірнеше сағат күткенмен, баланың ата-анасы сол қалпы келмеген. Амалы таусылған жүргіншілер тіптен жақын маңайды машинамен жүріп, баланың ата-анасын өздері іздеуге де кірісіпті. Құндақтаулы баланы иен далаға қалдырып кеткен ата-ананы ақыры полиция да іздеуге шыққан.

«Емізулі бала. Жыламайды. Күліп қояды. Мына көпірдің астына қалдырып кеткен ғой. Қалай қорықпайды», - дейді сәбиді тауып алған жігіт.

Оқиға Қарасай ауданының Елтай ауылдық округінде орын алған. Округтің әкімдігі түстен кейін сәбидің анасының табылғанын хабарлады.