Зардап шеккен тағы үш жұмысшы ем алып жатыр
Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытынан шыққан өрт кезінде зардап шеккен 4 жұмысшының бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиғадан кейін ер адам санавиациямен елордалық ауруханаға жеткізілген еді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ денесін қатты күйік шалғандықтан, 56 жастағы азамат көз жұмды.
Қалған 2 жұмысшы Астана қалалық ауруханасында, тағы біреуі Ақтөбеде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.
Еске салайық, мамырдың басында Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында өрт болған еді.