$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2023, 17:10
Оқиғалар

Мемлекетке жарты миллиардтан астам залал келтірген қылмыстық топтың қатысушысы ұсталды

Тергеу сотының санкциясымен ол күзетпен ұстауда

Мемлекетке жарты миллиардтан астам залал келтірген қылмыстық топтың қатысушысы ұсталды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында халықаралық іздестіруде күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған күдікті теріс пиғылды кәсіпкерлерге жоқ қызметтер мен жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар жазып берген.

«Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал жарты миллиардтан астам (514, 6 млн) теңгені құрады. Тергеу сотының санкциясымен ол күзетпен ұстауда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адамдарды іздестіруді жандандыру жұмыстары жалғасуда», - делінген Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары