Павлодар облысында өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнына жеке құрамнан төрт техника мен 12 адам шықты

Фото ашық дереккөзден

Кенжекөлде өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді. Жалын үш гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 мамырда Кенжекөл ауылының шетінде құрғақ шөп пен қамыс өртенген.

«Өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді. Оқиға орнына жеке құрамнан төрт техника мен 12 адам шықты. Үш гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс  жанды», – дейді департаментте. 

№ 3 өрт сөндіру бөлімі кезекші қарауылының жедел іс-қимылының арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.