Теміртауда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлаған

Автор: Azattyq Rýhy

12 жастағы баланың басынан жарақат алғаны хабарланды

Теміртауда «Металлург» стадионының футбол алаңында қақпа баланың үстіне құлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еkaraganda басылымының жазуынша, оқиға барысы мен бет-аузы қанға боялған жасөспірімді куәгерлер видеоға түсіріп алған. 12 жастағы баланың басынан жарақат алғаны хабарланды.

«Бұл ересектердің немқұрайлығынан зардап шеккен алғашқы бала емес. Бұған кім жауап береді?» – деп күйінеді тұрғындар.

Теміртау стадионында жарақат алған 12 жастағы жасөспірім ата-анасының көмегімен қалалық орталық аурухананың қабылдау-диагностика бөлімінің травматология бөліміне жеткізілген.

«Түскен кезде баланың жағдайы қанағаттанарлық болған. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, жарасына хирургиялық ем көрсетілді. Кейін Мақажанов атындағы көпсалалы емханаға қайта бағытталды. Диагнозы: желке аймағының көгерген жарасы», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Тексеруден кейін бала амбулаторлық емдеуге жіберілді.