Алматыда астыртын казино анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды

Фото ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматыда ставкалары мен ақшалай ұтыстарды көздейтін құмар ойын (астыртын казино) түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, тінту барысында ойын карталары мен фишкалар, үстел жапқышы (мата), ойыншылардан ұйымдастырушылардың бірінің карточкалық шотына аударылған қаражат табылып, тәркіленген.

«Ойын өтетін күні ұйымдастырушылар ойын туралы SMS жіберіп, ойыншыларды жабық тізім бойынша шақыратыны, дилерлер мен даяшыларды жұмысқа тартатыны анықталды», - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.