Ақтөбе облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізушісі қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Қайғылы оқиға Самара – Шымкент автожолында болған

Видеодан кадр

Ақтөбе облысында жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 4 мамырда Қобда кентіндегі Самара – Шымкент автожолында болған.

«Nissan Almera автокөлігі Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, жүк көлігі аударылды. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада

Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.