Қызылордада дүкеннің төбесі құлап, өзбекстандық азамат көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінді астынан шығарылды

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында төбенің ағаш конструкциясы құлап, екі қабатты дүкенде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан өзбекстандық азамат қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 4 мамырда сағат 15.11-де болды. Қызылорда қаласындағы Төреқұлов көшесі бойында жаңа салынып жатқан екі қабатты дүкен төбесінің ағаш конструкциясы құлап кеткен.

«Оқиға орнында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының 1996 жылғы азаматы сол жерде қаза болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінді астынан шығарылды», - делінген хабарламада.