Өскеменде өрт кезінде I дәрежелі комаға түскен бала тірі қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған ауыр дәрежелі көміртегі тотығымен жедел улану, бауырдың уытты зақымдануы және конвульсиялық синдром диагнозы қойылған

Бүлдіршін ана мен бала орталығына санавиациямен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Орталықта санавиация желісі бойынша шұғыл қабылдау бөлмесіне 5 жасар бала өте ауыр жағдайда түскені айтылды. Бала ес-түссіз, денесінің кейбір жерлерінде күйік болған. Анасының айтуынша, түнде олардың жеке үйінде өрт шыққан.

Медициналық мекемеде кішкентай пациентке I дәрежелі кома, ауыр дәрежелі көміртегі тотығымен жедел улану, бауырдың уытты зақымдануы және конвульсиялық синдром диагнозы қойылды.

«Бірінші күні науқас аппараттық емдеуде болды, содан кейін бала өздігінен дем ала бастады, — деп Анестезиолог-реаниматологтар және басқа бөлімшелердің дәрігерлері баланың өмірін сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жасады. Бүгін бала үйге шығарылады», - деп хабарлады орталықта.