Жұқпалы инфекциядан көз жұмғандардың саны 4 мыңнан асты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирустық инфекцияны пандемия ретінде сипаттайтынын айтты.
Оның сөзінше, соңғы екі апта ішінде Қытайдан тыс мемлекеттерде вирус жұқтыру 13 есеге артқан.
Қазіргі таңда жаңа коронавирус COVID-19 жұқтырғандардың саны 120 мыңнан асқан. Қауіпті індет әлемнің 118 елінде тіркелген. 4 мыңнан астам адам көз жұмды.