Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасы растады
Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар студент және 6-сынып оқушысы.
«Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па - оны полиция анықтайды», - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.