Қайғылы оқиға Самара – Шымкент тасжолының 938 шақырымында болған
Ақтөбе облысында жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 1 мамырда кешкі уақытта Самара – Шымкент тасжолының 938 шақырымында болған.
«Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылының маңында Nissan Almera және Volvo көліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан Nissan Almera көлігінің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.