Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ
Павлодарда жүзден астам саяжай учаскесі жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Өрт туралы хабар сағат 15:19-да түскен. Шақыру орнына жеткенде саяжайлар мен құрғақ шөп жанып жатқаны анықталды.
«Өрт кезінде 106 саяжай учаскесін отқа оранды. Оның ішінде 35 учаске қолданыстағы саяжай. Өрттің аумағы шамамен 6 гектарды құрайды», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Өрт сағат 18:03-те толығымен жойылды. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың тұтану себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнында ТЖ департаментінен 33 қызметкер, 7 техника, Павлодар орман шаруашылығынан 7 жұмысшы, 2 техника, апаттық медициналық орталықтан 3 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт шыққан орынға 3 техникамен су жеткізіліп тұрды.