30.04.2023, 12:51
Оқиғалар
Қостанайда полицейлер үйде жалғыз қалып қойған 3 жасар баланы құтқарып қалды
Анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен
Фото ашық дереккөзден
Қостанай полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алып, 3 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Пәтерде шәйнек газплитаға қосулы болған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алған. Салдарынан, анасы пәтерге кіре алмай қалған.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді.
Келген полиция қызметкерлері Абай Фазылов пен Алмас Сафин пәтерге балкон арқылы кіруге жедел шешім қабылдаған. Пәтер екінші қабатта орналасқан.
Полицейлер пәтерге кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Балақайдың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Көп оқылған
28.05.2026, 10:14
Абай облысында ер адам жүргізуші куәлігін ауыстырар кезде өзінің «жынды» екенін білді
28.05.2026, 15:20
«Жүргізуші кінәлі емес»: Астанада жүк көлігі қағып, көз жұмған баланың анасы әсерлі жазба жариялады
28.05.2026, 15:23
Шымкентте айы-күні жақындаған әйелге оқ тиіп, ауыр жараланған – дәрігерлер баланы құтқарып алды (ВИДЕО)
28.05.2026, 18:45
Астанада ер адам «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы көпірден құлап кетті
28.05.2026, 16:40
Қазақстан «Балқаш» атом электр станциясын салу үшін Ресейден 16,4 млрд доллар несие алады
28.05.2026, 20:31
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады