Көліктегі 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды
Павлодар облысында жол апатынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 сәуір сағат 15:30 шамасында Астана – Павлодар тасжолының 1207/142 шақырымында болған.
«Екібастұз қаласы Бәйет ауылының маңында 47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген ПД хабарламасында.
Белгілі болғандай, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.
«Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.