Жетісайда кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен оның көршісі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азаматты қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz telegram-арнасына  сілтеме жасап.

Бұған дейін ауыл тұрғыны Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданып, кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан еді.

Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды.

Сонымен қатар бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Бүгінгі таңда ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында.