Ол өзіне тағылған айыпты толықтай мойындады
Павлодарда колония бастығы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Pavlodarnews.kz хабарлауынша, сотталушы тағылған айыпты толықтай мойындаған.
Белгілі болғандай, Павлодардағы қауіпсіздігі ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бастығы өткен жылдың қаңтарында сотталушыдан пара ретінде кеңсе креслосын алған.
«Бір айдан кейін ол жалпы қамқорлығы үшін басқа жазасын өтеушідерден 3 млн теңге көлемінде пара алған», - деді Павлодар қаласының №2 сотында.
Бұрынғы колония бастығы сотта өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауын сұрады.
Оның асырауында кәмелет жасына толмаған төрт жас баланың бары ескере отырып, оған үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.