$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.04.2023, 15:46
Оқиғалар

Жүкті әйелін ұрған астаналық ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Анықталғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қолын көтеруі емес 

Жүкті әйелін ұрған астаналық ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті.

42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысы қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды.

Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қолын көтеруі емес. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары