Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Қарулар қараусыз қалған зауыт аумағында жатқан
Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қарулар сақталған орын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыттың аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар орынды тапты.
«Полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапаншасын, сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18-Е бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18 аңшылық мылтықты, Ф-10 жауынгерлік сынық гранатаны, жарық-шу гранатаны, қорғаныс кеудешені, 5,45х39 мм калибрлі 200 патронды тәркіледі», - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Белгілі болғандай, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287 - бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.