Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жылқылардың егесіне айыппұл салынды

Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 сәуір түнде Павлодар облысының Екібастұз-1 өткелінің 303-шақырымында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылар болғандықтан шұғыл тежеуді қолданды. Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан жеті жылқы пойыз астында қалды. Пойыздың тұрағы 1 сағат 33 минутты құрады.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.