Солтүстік Қазақстанда Есіл өзені арнасынан асты
Салдарынан «Челябі - Новосібір» бағытындағы тас жолдың бір бөлігін су басып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені арнасынан асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Салдарынан республикалық маңызы бар «Челябі - Новосібір» бағытындағы тас жолдың бір бөлігін су басып қалды. Ол жүздеген метр жерге дейін жайылған. Аталған учаскеге қазір мобильді бекет қойылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Яңғи, бұл алаңда полиия және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары кезекшілік жасап жатыр. Мұнымен қоса су Заречный кентінде орналасқан бірнеше саяжайға жайылды. Ал Қазгидромет мамандары Ақмола облысында тағы да судың көтерілгенін айтуда. Бұл дегеніміз алдағы уақытта өңірде тасқынның екінші толқыны басталуы ықтимал деген сөз, деп жазады «Хабар24».
«Альтернативті жол бар. Заречный кентінің ішімен. Гидроузел жағымен. Тұрғын үйлерге еш қайіп төніп тұрған жоқ. Саяжай учаскелері 20-дан 30-ға дейін қазір су басты. Обволование жасалды. Қаптар, инертті материалдар бәрі дайын. Кезекшілік ұйымдастырылған. Полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы қызметте», - деді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Назымбек Елемесов.