Құтқарушылар үйінді астынан тағы бір әйелдің денесін алып шықты
Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны 4 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сағат 11:45-те құтқарушылар үйінді астынан тағы бір әйелдің денесін алып шықты.
Осылайша, қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінділердің астынан құтқарушылар 4 адамды аман алып шықса, 4 адамның денесі табылды. 6 адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Үйінділерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, бүгін таңертең Жаңаөзенде көппәтерлі үйде газ жарылып соның салдарынан бір адам қаза тапқан болатын. Сондай-ақ 13 адамның зардап шеккені айтылды. Аталған дерекке қатысты жедел штаб құрылды.