Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр
Ақмола облысында бір күн бұрын жоғалған балықшының денесі су қоймасынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Целиноград ӨКМ полиция бөліміне жергілікті тұрғынның телефон хабарламасы келіп түсті. Әйел адам 14 сәуір күні сағат 06:00-де әкесі 1960 жылы балық аулауға барғанын және полицияға хабарласқанға дейін оралмағанын хабарлады.
Өтініш келіп түскеннен кейін полицейлер бірден іздестіру жұмыстарын бастады және құтқарушылармен бірлесіп қарт адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.
16 Сәуірде жоғалған адамның денесін Целиноград ауданы Қабанбай-батыр ауылының маңындағы «Қарасу» су қоймасынан облыс ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері алып шықты.
Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Тәртіп сақшылары балық аулауды ұнататындарға кез-келген су қоймасы, әсіресе көктем мезгілінде қауіпті екенін еске салады.