Ақтөбеде әйел мен оның баласын өлтірген күдіктіге қатысты тың мәлімет шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктінің 1999 жылы туған ер адам екені белгілі болды

Фото: diapazon.kz

Ақтөбеде асқан айуандықпен өлтірілген әйел адам мен оның жасөспірім баласының өліміне қатысы бар деген күдікті 23 жастағы ер адам болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды.

«Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат таратылуға жатпайды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін әйел адам мен баласын қатыгездікпен өлтірген күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Еске салайық, 29 наурызда Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылған еді. Ал әйелдің 13 жастағы қызы Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне ауыр жарақатпен жеткізілген болатын.