Құтқарушылар тауға шықпауға шақырады
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарды 7 және 8 наурызда тауларда қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертеді деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
«Жауын –шашынның түсуіне байланысты, 7-8 наурыз аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар жамылғысының биіктігі мен тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін», - делінген ақпаратта.
Құтқарушылар қалың қар түскен баурайларға шықпауға шақырады.
6 наурыз күні төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Шымбұлақта қар көшкін жасалды.